Түркістан
EN

Шаруаларға жеңілдетілген несие беріледі

19
16.09.2026

Келер жылғы егіс науқанына әзірлік қазірден басталмақ. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1 қазаннан бастап жеңілдетілген несие алуға өтінім бере алады. «Кең дала 2» бағдарламасы аясында берілетін несиенің жылдық сыйақы мөлшерлемесі — бар болғаны 5 пайыз. Бұл дихандарға жаңа маусым басталмай тұрып, қажетті ресурстарды сатып алуға, техниканы әзірлеп, шығындарын алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді. Бағдарлама бойынша бөлген қаражат көлемі жыл сайын артып келеді. Мәселен, биылғы маусымға бөлінген қаржы 664 миллиард теңгеден асты. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен едәуір жоғары. Сонымен қатар, жеңілдетілген несиені алу жолдары да жеңілдеді. Шаруалар қаржыландыруды екінші деңгейлі банктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы, сондай-ақ «Аграрлық несие корпорациясының» филиалдарына тікелей жүгіну арқылы ала алады.