Елімізде жыл сайын мал азығы қажетті нормадан екі есе аз дайындалады. Соңғы жылдардағы қуаншылық та жығылғанға жұдырық болып тұр. Сондықтан мал шаруашылығын тиімді дамыту үшін тиісті жем-шөп базасы қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты. Сондай-ақ құрғақшылық немесе жайылымдардың тозуы сияқты табиғи-климаттық жағдайларды да ескеру керек деді. Ал Ауыл шаруашылығы министрі биыл жем-шөп дақылдарының алқабы 448 мың гектарға ұлғаятынын мәлімдеді.