Түркістан
EN

Қылмыстық топ төрт түлік малды асылдандырамыз деп субсидия ұрлаған

21
16.09.2026

Түркістан облысында 103 миллион теңге субсидия қаржысын жымқыру дерегі бойынша тергеу аяқталды. Тергеу мәліметінше, күдіктілер заңсыз схеманы іске асыру үшін 4 жеке кәсіпкерлікті бөгде тұлғалардың атына тіркеген. Кейін оларға тиесілі электрондық цифрлық қолтаңба, мөр мен нотариалды сенімхаттарды пайдаланып, жүйеге жалған мәліметтер енгізген. Осылайша, ауыл шаруашылығын қолдауға арналған субсидияны алуға заңсыз электронды өтінімдер жолданған. Ал бюджеттен аударылған ірі көлемдегі қаржы қолма-қол ақшаға айналдырылып, қылмыстық топ мүшелері арасында бөліске түскені анықталды. Қазіргі таңда іс бойынша тиісті процестік шешім қабылдануда.