Түркістан облысында жыл басынан бері 80 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Өңірде жұмыспен қамту жоспарының негізгі бағыттары бойынша бірқатар жоба жүзеге асқан. Нәтижесінде мыңдаған тұрғын тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарына жолданды. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында айтылды.