Елде алдағы жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту тапсырмасының орындалуы сараланды. Қазіргі уақытта еліміз бойынша 4 энергоблок, 28 қазандық пен 18 турбинаны жөндеу толық аяқталған. Ал қайта жаңарту жүргізілетін 377 шақырым жылу желісінің 93 пайызы дайын. Аталған мақсатқа 196 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Бүгінгі таңда еліміз бойынша 11 мыңға жуық білім беру, 5 мыңнан астам денсаулық сақтау нысаны мен 53 мыңнан аса тұрғын үй маусымға толық дайын. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, көмір қоры — ал дизель отыны 100 пайызға жинақталған. Премьер-министр Олжас Бектенов қалған жұмыстарды аяқтап, жылудың уақтылы берілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Ал жұмыстарды созбалаңға салу немесе дайындықты кешіктірген жауапты тұлғаларға әкімшілік шаралар қолданылатынын ескертті.