Түркістан
EN

Дінді жамылған қылмыстық топтардың қызметі тоқтатылды

50
15.09.2026

Қазақстанда діни-экстремистік идеяларды жамылып, ел бойынша әртүрлі қылмыс жасап, арам ойларын жоспарлаған 22 қылмыстық топтың 64 мүшесін қолға түсті. Радикалды көзқарастағы топтар Алматы қаласы мен Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында бопсалау, алаяқтық, тонау, есірткі саудасы және браконьерлікпен айналысқан. Құрықтау барысында олардан 114 атыс қаруы, мың жарымнан астам оқ-дәрі мен 32 келі есірткі тәркіленді. Мәселен, Алматыда 7,5 миллион теңге ұрлаған төрт адам 6 жылға дейін сотталса, Петропавл мен Павлодарда алаяқтық жасаған радикалдар да ұзақ мерзімге темір торға жабылды. Сонымен қатар ғаламторда экстремизм мен терроризмді насихаттағандар да жазасыз қалмады. Ақтөбеде діни араздық қоздырған азамат 3 жарым жылға, ал терроризмді насихаттаған жас жігіт 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Түркістан облысының тұрғыны «Өзбекстан ислам қозғалысы» террористік ұйымының идеяларын белсенді таратқаны үшін 7 жылға сотталды.