Түркістан
EN

Түркістанда тұрғын үйден өрт шықты

51
15.09.2026

Түркістанда 12 қабатты тұрғын үй өртенді. Төтенше жағдайлар департементінің «112» пультіне қаладағы 9-шы көшеде орналасқан көпқабатты баспанадан өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жеткенде ғимараттың 8 бен 11-ші қабаттары аралығындағы сыртқы қаптамасы ашық жалынға оранғаны белгілі болды. Мамандарарнайы автосаты арқылы тілсіз жауды сөндіруге кірісті. Сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру ұйымдастырылды. Жедел әрекеттің арқасында баспалдақ арқылы 63 адам, оның ішінде 12 бала қауіпсіз аумаққа эвакуацияланды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазір тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.