Түркістан
EN

Цифрлық активтер саласында 34 жоба іске асырылып жатыр

47
15.09.2026

Қазақстанда цифрлық активтер саласында 34 жоба іске асырылып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы мәлімдеді. Тимур Сүлейменовтің сөзінше, жаңа ережелер биыл 1 мамырдан бастап күшіне енді. Енді криптовалюта, стейблкоин және токен сияқты цифрлық активтермен жұмыс істейтін компанияларға нақты талап қойылады. Криптобиржа, цифрлық активтерді сақтау және айырбастау қызметтері де реттелетін болды. Негізгі мақсат операциялар мен капиталдың ел ішінде қалып, қауіпсіз әрі реттелетін цифрлық активтер нарығын қалыптастыру.