Түркістан
EN

Жобаларға қаражат тартудың жаңа тетігі ұсынылды

20
15.09.2026

 Отандық қаржы секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов цифрлық активтер саласын дамытуға қатысты бірқатар маңызды міндеттерді жүктеді. Оның айтуынша, елімізде бұл бағыт бойынша негізгі жағдайдың бәрі жасалған. Ендігі меже — толыққанды экожүйені қалыптастыру. Сондай-ақ Үкімет басшысы криптовалюта индустриясындағы алаяқтық тәуекелдерінің де артып отырғанын айтты. Осыған байланысты азаматтарды цифрлық ортадағы алаяқтықтан қорғау және киберқауіпсіздікті күшейту бойынша жұмысты жалғастыру керек екенін атап өтті. Бұдан бөлек, Бектенов цифрлық активтер саласында қазақстандық технологиялық компаниялар мен мамандардың қалыптасуына жағдай жасауды тапсырды.