Түркістан музыкалық драма театры 6 маусымының шымылдығын түрді. Жаңа маусым көрерменге ерекше әсер сыйлаған «МузАРТ» қойылымымен басталды. Баспасөз өкілдеріне алдағы жоспарымен бөліскен өнер ұжымы, өткен маусымдағы гастрольдік сапарларын қортындылады. Театрдың актерлары Мәскеудегі фестивальде бірнеше номинацияны жеңіп алса, балет бишілері Жетісу жұртының ыстық ықыласына бөленіпті.