Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Hanwha Group вице-төрағасы Ким Дон Вонды қабылдады. Кездесуде қазақ-корей инвестициялық және технологиялық ынтымақтастығының бағыттары талқыланды. Мемлекет басшысы Кореямен стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайтынын жеткізді. Президенттің айтуынша, біздің еліміз Hanwha Group компаниясын Корея Республикасының халықаралық позициясы мығым жетекші бизнестің бірі ретінде қарастырады. Сондай-ақ, Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанды Орталық Азия нарығына шығатын технологиялық алаң ретінде пайдаланып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды.