Түркістан
EN

Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты

4
15.09.2026

Ақтау халықаралық әуежайында логистикалық және авиациялық хаб құрылмақ. Әуе жүйелерін белсенді дамыту Мемлекет басшысының тапсырмасы. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарын осы істен  бастады.  Мұнда әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе жүктерін тасымалдау, маман даярлау және логистикалық қызметтерді бір алаңға шоғырландыру көзделген. Жоба жүзеге асырылғаннан кейін 3,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Нұрлыбек Нәлібаев сондай-ақ өңірдегі бірқатар энергетикалық, көлік-логистикалық және туристік нысандардың жұмысымен танысты. «Кендірлі» әуежайының құрылыс барысымен танысып, Жаңаөзен қаласында салынып жатқан жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс қарқынын өз көзімен көріп қайтты.