Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі дейміз. Алайда, қалай дұрыс тамақтану керек екендігінінен көбіміз бейхабармыз. Кішкентай балалардың ас-ауқатын берудің жөні тіптен бөлек. Осыны ескерген Түркістан қалалық емханысының дәрігерлері ашық есік күнін өткізді. Онда тек маман кеңесін алып қана қоймай, тегін тексеруден өтуге жағдай жасалды. Іс шараның мақсаты – аналарға 1 жасқа дейінгі балаларды дұрыс тамақтандырудың жолдарын үйрету. Мәселен, нәрестені қосымша тамақтандыруды қашан, неден бастаған жөн? Қай тағам пайдалы, құнарлы, оларды қандай күйде беруге болады? Осы және басқа да ережелерді ақ халаттылар жас аналарға егжей-тегжейлі түсіндіріп, іс жүзінде дайындап көрсетті. Сондай-ақ, «Балалар жылы» аясында биыл қалалық емханада 17 жасқа дейінгі 37 565 бала скринингтен өткізілмек. Бүгінде оның 17 мыңға жуығы тексеріліп үлгерді. 2 537 баладан түрлі сырқат анықталып, диспансерлік есепке алынған. Тағы 766 мың бала профилактикалық тексеруден өту қажет. Қазірде оның 41 пайызы қаралған. 21 мыңынан дерт анықталып, бүгінде 15 мыңы кеселінен құлан таза айығып шығыпты.