16 мамырда басталуы тиіс болған жеңілдетілген автонесие бағдарламасы іске қосылмай жатып былығы шықты. Жұмыс уақытысы басталысымен автосалонды жағалаған көпшіліктің еңсесі су сепкендей басылған. Өйткені, халық алғысы келетін отандық темір тұлпарлар көлік сату орындардында жоқтың қасы. Табыла қойғанның өзінде банк өкіліне барса, әлі бізге ақша аударылмады деп кейін қайтаратын көрінеді. Атылмыш жағдайға қатысты Қазақстандық автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева халықты дүрлікпеуге шақырды. Ережеге сәйкес әркім өз уақытысы келгенде машинасын алады дейді ол. Ал, Экономист Мақсат Халық аталған бағдарламаға түбегейлі қарсы. Дегенмен оң тұсы бар екенін сарапшы жоққа шығармады. Бастысы автонесиені алған күннің өзінде жасалынатын келісімшартқа тереңірек үңілу қажет дейді. Айта кетейік, биыл жеңілдетілген автонесие бағдарламасымен 15 мың қазақстандық жаңа көлік алады делінген. Жобаны 5 екінші деңгейлі банк жүзеге асырады.