Түркістан
EN

Әскери қызметшілер жасанды интеллект арқылы тамақтануын бақылай алады

2
14.09.2026

Енді сарбаздардың күнделікті асы толықтай цифрлық бақылауға алынды. Көкшетаудағы әскери бөлімдердің бірінде тағамның сапасы мен калориясын жасанды интеллект қадағалай бастады. Арнайы құрылғы тәрелкедегі ас түрін бір секундта танып, оның салмағын, ақуыз, май мен көмірсу мөлшерін дәл көрсетіп береді. Ең бастысы, бұл жүйе қатаң тәртіпті ғана емес, сарбаздардың жеке талғамын да қатаң бақылауға алған. Егер асханада қандай да бір тағам жиі желінбей қалса немесе нашар баға алса, бұл туралы мәлімет бірден цифрлық жүйеге түседі де, ас мәзірі дереу өзгереді. Сондай-ақ инновациялық кешен қоймадағы азық-түліктің жарамдылық мерзімін, санитарлық талаптар мен асхана қызметкерлерінің жұмыс кестесін де өз бақылауына алған. Егер пилоттық жоба өз тиімділігін көрсетсе, алдағы уақытта бұл цифрлық асхана жүйесі еліміздегі барлық әскери бөлімдерде қолданылмақ.