Түркістан
EN

Мемлекеттік қызметтердің 90% дан астамы онлайн қолжетімді

2
14.09.2026

Елімізде мемлекеттік қызметтердің 90%-дан астамы цифрлық форматқа көшті. Ендігі меже оларды бірыңғай QazTech платформасына біріктіру. Содай-ақ, Жасанды интеллектіні мемлекеттік қызметтерге енгізу де қарқын алған. eGov GPT арқылы азаматтарға 51 мемлекеттік қызмет қолжетімді. Ал білім саласында 200 мың мұғалім ChatGPT Edu жүйесін қолдана алады. Осы мүмкіндіктердің ауқымын кеңейту үшін алдағы екі жылда 3 мыңнан астам ауылды жоғары жылдамдықты интернетпен қамту жоспарланған. Айта кетейік, бұл жобалар ел президенті Қасым Жомарт Тоқаевтің тапсырмасы аясында жүзеге асып жатқан цифрлық трансформацияның бір бағыты.