Түркістан
EN

245 шақырым автожолды жөндеу жұмыстары аяқталды

2
14.09.2026

Батыс Қазақстан облысында 245 шақырымды құрайтын автожолды жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Шалғайдағы Қазталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарын облыс орталығымен жалғайтын күрежол Президенттің тапсырмасымен қайта жаңғыртылды. Енді тұрғындардың Орал қаласына қатынау уақыты екі есеге қысқарды.  Бұл өз кезегінде өңірдегі жүк тасымалын арттырып, арнайы техникалардың жедел қатынауына мүмкіндік береді. Айта кету керек, аталған учаскелерге тарихта алғаш рет толықтай асфальт төселіп отыр. Бұл шалғайдағы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпін бермек. Ауқымды инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға жалпы көлемі 81 миллиард 700 миллион теңге инвестиция бағытталған.