Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістандағы «Брикс ПЛЮС» саммитіне қатысты. Жиырма жыл ішінде ұйым құрамы кеңейген. Қазір оған мүше елдерде әлем жұртының жартысына жуығы тұрады. Бірлестіктің екі күнге созылған басқосуында мемлекет басшылары жаһандық қауіпсіздік, халықаралық ынтымақтастық, сауда, технология, логистика мәселелерін талқылады. Қасым-Жомарт Кемелұлы саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырған Үндістан премьері Нарендра Модиге алғысын білдірді.