Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында тағы да төтенше жағдай. Бұл жолы толассыз жауған жаңбырдың соңы селге айналып, аудан орталығында орналасқан 50-ден аса үйді басып қалған. Абырой болғанда, құтқарушылар дер кезінде әрекерт етіп, адам мен мал шығынының алдын алды.