Түркістан
EN

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

12
11.09.2026

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында мемлекеттік қызметшілерге қатысты 11 тәртіптік іс қаралды. Оның басым бөлігі Түлкібас ауданы әкімдігі қызметкерлеріне қатысты. Лауазымды тұлғалар жер учаскелерін беру, олардың нысаналы мақсатын өзгерту және мерзімін ұзарту кезінде заң бұзушылықтарға жол берген. Олардың қатарында аудан басшысының орынбасарлары, жер саласына қатысты жауаптылар мен елдімекен әкімдері бар. Жиында кеңес мүшелері Әдеп жөніндегі ереженің 27-тармағының 2-ші тармақшасына сәйкес, аталған лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік істерді тоқтатты.