Түркістан
EN

Ұлттық құрама киімі еркін саудаға шығарылмайды

47
10.09.2026

Еліміздің туризм және спорт министрлігі ғаламторда Қазақстан ұлттық құрамасының ресми спорттық киіміне ұқсас өнімдердің сатылып жатқаны туралы ескертті. Ведомство мемлекеттік рәміздері бар форма еркін саудаға шығарылмайтынын атап өтті. Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта түрлі платформаларда ұлттық құраманың ресми спорттық киімінен көшірілген өнімдер пайда болған. Мамандар азаматтарды осы ақпаратты ескеріп, Қазақстан ұлттық құрамасының ресми киімі ретінде ұсынылған жалған тауарларды сатып алмауға шақырды.