Түркістан
EN

Балалардың желі қолдануына шектеу енгізілуі мүмкін

5
10.09.2026

Еліміздегі 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіге тіркелуге тыйым салынуы мүмкін. Бүгін Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжанов жас буынның цифрлық ортаға тым ерте әрі бақылаусыз тартылып жатқанына алаңдаушылық білдіріп, арнайы заң бойынша тосқауыл қоюды ұсынды. Сондай-ақ, желінің балалардың психологиялық денсаулығы мен оқу үлгеріміне әсерін тұрақты зерттейтін ұлттық мониторинг жүйесін енгізу қажет,-дейді депутат. Өйткені пайдасыз ақпараттар жасөспірімдердің уақыты мен жадын жоғалтып қана қоймай, кітап оқуға, спортпен айналысуға, отбасымен қарым-қатынасына және сабаққа дайындалуына бөлінетін уақытты қысқартады. Соның салдарынан жастар арасындағы зейін қою, ақпаратты терең қабылдау және өздігінен ойлау дағдылары түбегейлі әлсіреп жатыр.