Түркістан
EN

Бір пәтерді бірнеше адамға сатқан алаяқтар ұзақ жылға сотталды

5
10.09.2026

Астанада тұрғын үй сатуда алаяқтық жасаған төрт адам сотталды. Сот «Qyran» тұрғын үй кешеніндегі жылжымайтын мүлікті сату кезіндегі алаяқтық жасаған  серіктестіктің қызметкерлерін 8 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Кәнілілер сатып алу-сату шарттарының орнына брондау шарттарын, кепілақы туралы келісімдер мен алдын ала шарттарды рәсімдеген. Бұдан бөлек, олар құрылыс салушы компанияның қаражатын иемденуге тырысқан. Әрі сатудан түскен қаражат компанияға емес, алаяқтардың жеке шоттарына түскені анықталды.