Ақша талап ету, қару сақтау, қылмыстық топ құру. Ішкі істер министрлігі елдің бірнеше өңірінде осындай қылмыстарға қатысы бар адамдарды анықтады. Жедел іс-шаралар барысында 50-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Күдіктілерден 10-нан астам атыс және травматикалық қару, оқ-дәрілер тәркіленді. Ал жедел әрекеттің арқасында азаматтардың 77 миллион теңгеден астам қаржысын иемденуге жол берілмеген. Мәселен, Астана, Өскемен және Алматы облысында 40 миллион теңге талап етті деген күдікпен жеті адам ұсталды. Олардың үшеуі бұрын сотталған, арасында адам өлтіргені үшін жазасын өтегендер де бар. Қазір қылмыстық істер бойынша тергеу жүріп жатыр. Құқық қорғау органдары күдіктілердің өзге де сыбайластарын анықтап, жауапқа тарту жұмыстарын жалғастыруда.