Түркістан
EN

Алматы облысында лай көшкінінен 5 жасар бала көз жұмды

244
17.05.2022

Алматы облысының Текелі қаласында лай көшкіні жүріп, бір бала қаза тапты. Табиғи апат салдарынан бірнеше тұрғын үйге зақым келіп, бір баспана толығымен қираған. Лай көшкіні жүрген кезде бес жастағы қыз баланың жоғалып кеткені белгілі болды. Төтенше жағдай қызметкерлері төрт сағаттық іздеуден кейін кішкентай қыздың мүрдесін тапты. Қазіргі уақытта оның ата-анасы ауруханада, олармен психологтар жұмыс жүргізіп жатыр. Ал зардап шеккен бірнеше адамға алғашқы көмек көрсетілді. Лай көшкінінен алты үйге зақым келген. Ол жердегі тұрғындар туған-туыстарын, енді бірі басқа жерлерге уақытша орналастырылды. Ал Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев зардап шеккендерге баспана берілетінін мәлімдеді.