Түркістан
EN

БАӘ отандық жобаларға 7,5 трлн теңге инвестиция салмақ

19
09.09.2026

Біріккен Араб Әмірлігі Қазақстан экономикасына құятын ақша көлемін 3 есеге дейін арттырып, 7,5 трлн теңгеге жеткізбек.  Бұл туралы Үкімет басшысының Абу-Даби коммерциялық банкінің басшысы Фарух Аль Марзукимен кездесуінде белгілі болды. Алдағы бір жарым жылда еліміздегі үлкенді-кішілі жобаларға арабтар тарапынан келетін қаржылай қолдау қазіргі 2,5 триллион теңгеден бірден 3 есеге өседі. Жалпы, соңғы жиырма жыл ішінде Әмірліктер Қазақстанға 7 миллиард доллардан астам қаражат құйып үлгерген. Бұл қаражат еліміз үшін ең маңызды салаларға, жаңа зауыттар мен мұнай өңдеу орындарын салуға, теміржолдар мен жолдарды жөндеуге, энергетика мен логистиканы дамытуға жұмсалады. Кездесуде аталған банктің соңғы 15 жылда Қазақстанда 100-ден астам бизнес-бастаманы қаржыландырғаны, оның ішінде 90%-ы қарапайым шағын және орта кәсіпкерлер екені айтылды. Яғни, бұл тек ірі зауыттарға ғана емес, қарапайым бизнеске де пайдалы болмақ.