Түркістан
EN

Биыл Бірыңғай қаржы омбудсмені кеңсесі жұмысын бастайды

17
09.09.2026

 Елімізде шілде айынан бастап банктерге берешегін кешіктірген азаматтардың ісін реттейтін Финкелісім жүйесі іске қосылды. Жыл соңына дейін тұлғалардың арыз-шағымдарын қарау үшін Бірыңғай қаржы омбудсмені кеңсесі де жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Президент қабылдауы кезінде айтты. Агенттік 8 айда қаржы секторы субъектілеріне 279 инспекторлық тексеру жүргізген. 190 қадағалау шарасы қолданылып, 465 миллион теңге сомасында айыппұл салған. Сондай-ақ, банктердің заңға тәуелді актілер базасы толығымен жаңарып, 80 нормативтік-құқықтық акті қабылданған. Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және экономиканы қаржыландыруды кеңейту шаралары жөнінде де мәлімет берді.