Келес ауданында ветеринариялық қызметтің материалдық базасы да жаңармақ. Қазір 8 елді мекенде ветеринариялық пункттің құрылысы жүріп жатыр. Наурыз айында басталған жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бұған дейін ветеринар мамандар әкімшілік ғимараттарының бір бөлмесінде отырып, тұрғындарға қызмет көрсетіп келген. Енді әр елді мекенде арнайы ғимараттың болуы мамандардың жұмысын жүйелеп, малға қажетті ветеринариялық шараларды уақытылы жүргізуге мүмкіндік береді.