Түркістан
EN

Түркістана мейірбикелер күні атап өтілді

282
14.05.2022

Мейірбилер мерекесінде Түркістан облысы ақ халаттыларының еңбегі еленді. Халықаралық мейірбикелер күніне орай олардың 70-ке жуығы сый-құрметке бөленді. Сондай-ақ медицина саласының ардагерлері де елеусіз қалмады. Оларға ҚР Денсаулық сақтау министрінің арнайы алғыс хаты табысталды. Айта кетейік, Түркістан облысында 20 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері бар. Бүгінде оның 12 мыңнан астамы ауылдық жерде еңбек етуде. Ал 6 940 мейірбике қала халқының денсаулығына жауапты.