Елімізде жыл сайын шамамен 25 млрд текше метр су пайдаланылады. Оның басым бөлігі ауыл шаруашылығына тиесілі болғанымен, өндіріс орындары мен қызмет көрсету саласында да су тұтыну көлемі жылдан-жылға артып келеді. Осыған байланысты мемлекет су ресурстарын тиімді пайдалану, суды қайта сүзгіден өткізу және айналымды сумен жабдықтау жүйелерін кезең-кезеңімен енгізуді қолға алды. Осындай жаңа орындардың бірі Арыс қаласында орналасқан. Бұл кәріз суын қайта тазартып, қаладағы ағаштар мен гүлдерді суаратын облыстағы жалғыз мекеме.