Батыс Қазақстан облысында 36 жылқыны ұрлап, оңтүстік өңірлерге жөнелтіп отырған азамат ұсталды. Ол құны 14 млн теңгеден асатын 36 жылқыны қолды қылған. Тергеу барысында 48 жастағы күдіктінің еркін жайылымда жүрген жылқыларды айдап, өз ауласына қамап отырған. Кейін жүк көліктеріне тиеп, еліміздің оңтүстік өңірлеріне жөнелткен. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Заңнамаға сәйкес, мал ұрлығы үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.