Түркістан
EN

Түркістанда азық түлік бағасы бақылауда

5
09.09.2026

Түркістанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру жұмыстары күшейтіледі. Мемлекеттік қорда 22 мың тонна өнім жинақталған, ал негізгі тауарлар бойынша өңір өз-өзін толық қамтамасыз етіп отыр. Алайда кейбір сауда орындарында бағаны негізсіз өсіру жағдайлары анықталған. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында бұл бағыттағы кемшіліктер айтылып, нақты тапсырмалар жүктелді.