Түркістан
EN

Президент Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысымен кездесті

7
09.09.2026

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысымен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Ұйым арасындағы 30 жылдан астам уақытқа созылған табысты әріптестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады. Президент бұл ұйыммен ынтымақтастық елдегі кедендік әкімшілендіру тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бүгінде еліміз Еуразиядағы көлік қатынасын нығайтып, жүк тасымалына қолайлы жағдай жасауға баса мән беруде. Осы мақсатта кеден рәсімдерін оңтайландыру үшін «ақылды шекара» моделі мен озық цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр. Ал, Иэн Сондерс Дүинежүзілік кеден ұйымы мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас қарқынына жоғары баға беріп, еліміз кедендік әкімшілендіру ісін жетілдіруде, заманауи цифрлық шешімдерді енгізуде елеулі табысқа жеткеніне тоқталды. Кездесу барысында тараптар әлемдік саудадағы қазіргі сын-қатерлерді де талқылады. Сонымен бірге Орталық Азия өңірінің сауда-экономикалық және логистикалық әлеуетін арттырудың жаңа жолдары сөз болды.