Кәріз суы өзенге құйылып жатыр. Түркістан облысы Төлеби ауданындағы су жаңа көпқабатты үйлердің тұрғындары арнамызға осылай деп шағымданды. Олқылықтың табиғатты ластап жатқанынан бөлек, жағымсыз иісі де қолқаны қабады дейді олар. Жүріп-тұру мүмкін емес көрінеді. Себебі кәріз суы құбырлары орталықтандырылған жүйеге қосылмаған. Ал одан шыққан иіс қолқаны қауып, жұртті әбден мезі еткен. Мұндағы жұрт аулада жүру мүмкін емес деп отыр. Тынысы тарылғандар тіпті терезелерін ашып, аулада серуендеуден қалған. Шайынды судан сол маңдағы жеке үйлердің тұрғындары да мезі болған. Ал, жергілікті билік жылдар бойы қордаланған мәселені жақсы біледі. Тіпті қалдық судың ашық тұрғанын бұрынғы басшылардың қателігі деп отыр. Себебі жанынан қазылған шұңқыр 18 тұрғын үйге лайықталмаған. Ал жаңасын салуға қаржы тапшы деп ақталды. Қалдық су құйылатын жаңа орын салу үшін арнайы жоба жасалып қойыпты. Бірақ оған 2 млрд 600 млн теңге қажет. Бұл сомманың биыл тек елу миллион теңгесі ғана бөлініп отыр. Ал, қалаған қаражаттың қашан қаралатыны әзірге белгісіз. Сондықтан төлебилік тұрғындар жуық арада сасық иістен құтыла алмайтын сыңайлы.