Қызылордада мұнай өңдеу кәсіпорнының аумағында ірі өрт шықты. Жалын құрамында 120 тонна мұнай өнімі бар екі резервуарды шарпыған. Олардың әрқайсысының сыйымдылығы 60 тоннаға есептелген. Өрт дер кезінде ауыздықталмаса, жақын маңдағы тағы үш резервуарға таралуы мүмкін болыпты. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, қалалық қызметтер мен өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Құтқарушылар көршілес резервуарларды салқындатып, жалынды көбікпен сөндірді. Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. Нәтижесінде үш резервуар сақталып, жалпы аумағы 200 шаршы метрді құраған өрт толық сөндірілді.