Қазақстанның ЖОО-ларында 2 мыңға жуық білім беру бағдарламасы түбегейлі жаңартылды. Енді отандық университеттерде энергетиктер — IT-энергетикке, агрономдар — цифрлық агрономға айналмақ. Бұл туралы Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Тіпті еліміздегі 8 жоғары оқу орнында дрон басқаратын мамандар даярлана бастапты. Қазірдің өзінде 430 студент дрон инженериясы мен аэроғарыштық бағытта білім алуда. Өйткені бұл құрылғылар ауыл шаруашылығынан бастап, геология, энергетика, құрылыс пен логистикаға дейін кеңінен қолданыла бастады. Ғылым және жоғары білім министрлігі нарық талабына сай еңбек функцияларын қайта қаралып жатыр.