Елімізде екі қолға бір күрек таппай жүргендер көп, бірақ еңбек нарығында дәл қазір жүздеген мың бос орын бос тұр. Жыл басынан бері электронды биржада 845 мың вакансия жарияланса, соның тең жартысына маман тапшы. Осы тапшылықтың кесірінен Қазақстан жыл сайын сырттан 300 мың шетелдік жұмысшы тартуға мәжбүр. Болжам бойынша, 2035 жылға дейін отандық экономикаға 2,9 миллион маман қажет болса, оның 1,8 миллионы дәл осы қарапайым жұмысшы кадрлар. Сондықтан мемлекет кадр даярлау жүйесін түбегейлі жаңартпақ.