Табиғаты көз тартатын Түлкібаста тазалық мәселесі әлі де өзекті. Ауылдардағы бей-берекет шашылған қоқыс пен тозығы жеткен балалар алаңы тұрғындардың наразылығын туғызып отыр. Жауаптылар мыңдаған тонна қалдық шығарылды дегенімен, халық оның нәтижесін сезбей отырғандарын айтады. Елді мекендердегі қазіргі ахуалды тілшіміз Бекболат Тілеуберген көріп қайтты.