Сарыағашта салынып жатқан «Дарбаза-Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы қарқын алды. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылуда. Теміржол желісі толығымен іске қосылғанда мыңға тарта жұмыс орны ашылмақ. Бес ауданнан өтетін шойын жол Өзбекстанға дейін жалғасып, алыс-жақын шетелге тауар тасымалдауға мүмкіндік береді.