Түркістан
EN

Туризм саласы ел экономикасына 5 триллион теңге табыс әкелді

9
08.09.2026

 Қазақстанда туризм саласы екі жылда 60 пайызға өсіп, ел экономикасына 5 триллион теңге табыс әкелді. Салаға салынған инвестиция 2,2 триллион теңгеден асып, ел ішінде Hilton мен Mandarin Oriental сияқты халықаралық деңгейдегі 25 жаңа қонақ үй бой көтеруде. Сондай-ақ, елде 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ. Туристер ағыны бойынша Алматы тау кластері, Түркістан және Маңғыстау өңірлері көш бастап тұр. Ал Қытайдан келетін қонақтар саны бірден 47 пайызға артқан. Саяхатшыларға қолайлы жағдай жасау үшін жазғы маусымда Алакөл мен Балқашқа қосымша пойыздар мен 45 субсидияланатын әуе рейсі ұйымдастырылды. Тіпті Алматы тауларында 30 аспалы жол мен 161 шақырым тау-шаңғы трассасы салынбақ. Сондай-ақ биылдан бастап 18 жасқа дейінгі балаларға ұлттық парктерге кіру тегін болды.