Жеңілдетілген автонесиеге өтінімдер 16 мамырдан бастап қабылданады. Бұл туралы Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр айтты. Оның сөзінше, "Өнеркәсіпті дамыту қоры" банктермен тиісті келісімшарттар жасап үлгерді. Бағдарламаға Халық банк, Еуразиялық банк, Jýsan Bank, Центркредит банк және Форте банк сынды екінші деңгейлі банктер қатысады. Айта кетсек, жеңілдетілген автонесиенің сыйақы мөлшерлемесі – 4%; несиелендіру сомасы – 10 млн теңгеден аспауы тиіс. Сондай-ақ, қаржыландыру мерзімі – 7 жылға дейін. бастапқы жарнаны төлемеуге де болады. Бір ескерерлігі алатын көлігіңіздің құны – 15 млн теңгеден аспауы керек.