Курчатовта 2032 жылға дейін қуаты 700 мегаватт болатын жаңа электр стансасы салынады. Жобаның құны 881 миллиард теңге. Оны жеке инвестициялар есебінен «ГРЭС Курчатов» компаниясы жүзеге асырады. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Станса әрқайсысы 350 мегаватт болатын екі энергия блогынан тұрады. Нысан заманауи «таза көмір» технологияларымен және шығарындыларды азайтатын сүзгі жүйелерімен жабдықталмақ.