Түркістанда дауыл тұрды. Салдарынан қала орталығында ағаш құлап, өрт пайда болған. Тіпті қаланың бірнеше бөлігінде жарық сөнген. Әкімдіктегілердің мәліметінше қазір электр желісі бойынша 7 бригада жұмыс істеп жатыр екен. Олардың күшімен 4 мыңға жуық абонентке жарық қайта қосылған. Қазгидромедттің хабарлауынша, алдағы демалыс күндері еліміздің шығысында, батысында және таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді. Бірақ температура өзгермейді. Синоптиктердің болжамынша еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз термометр 17-25 градусқа дейін, ал оңтүстікте 18-28-ден 23-35 градусқа дейін көтеріледі.