Қазақстан жүз жиырмадан астам ұлт пен ұлысқа пана болған құтты мекен. Ал олардың тең жартысына жуығы киелі Түркістан облысын мекендейді. Өңірдегі екі миллионнан астам халықтың ширек бөлігін өзге этнос өкілдері құрайды. Бүгінде бір шаңырақ астында мекен еткен халықтар ана тілінде сөйлеп, зайырлы қоғамда бейбіт күн кешуде. Бүгін Қазақстан халқының тілдері күніне орай шахарымызда Тілім - тұғырым атты мерекелік жиын өтті. Басқосуда мемлекеттік тілдің мәртебесін өсіріп, қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосқан азаматтар марапатталды. Шараға жиналған этнос өкілдері өз ана тілінде өлеңдер оқып, түрік, әзірбайжан тілдеріндегі әуезді әндер қатар әуеледі.