Түркістанда «Бір атаның балалары футбол ойнайды» атты жанұялық командалар арасындағы республикалық жарыс басталды. Cайыс Октябрь Жарылқапов атындағы стадионда ұйымдастырылды. Екі күнге жоспарланған турнирге еліміздің әр өңірінен отбасылық командалар қатысуда. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз команда 5 қыркүйекте анықталады.