Түркістан
EN

Шетелдік делегация ІІМ технологияларымен танысты

67
04.09.2026

 Қазақстан полициясының қызметіне енгізілген озық технологиялар Азия елдерінің де құқық қорғау саласында қолданылуы мүмкін. Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясында Камбоджадан келген делегацияға отандық ішкі істер органдарында қолданылатын заманауи технологиялар таныстырылды. Шетелдік меймандарға смарт-бейдждерден бастап, арнайы роботтандырылған кешендердің жұмысы көрсетілді. Бұл құрылғылар қылмысты ізін суытпай ашуға, ақпаратты талдауға және тәртіп сақшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Кездесуде цифрландырудың қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы айтылды. Жиын соңында тараптар екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен тәжірибе алмасу ауқымын кеңейтуге келісті.