Түркістан
EN

Қос азамат бюджет қаражатын жымқырған

57
04.09.2026

Ақмола облысында мемлекеттен мал шаруашылығына бөлінген миллиондаған субсидия жымқырылды. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, заңсыз схеманы ауыл шаруашылық кооперативінің директоры мен Шортанды аудандық ветеринариялық станциясының басшысы ұйымдастырған. Олар ақпараттық жүйеге ірі қара мал саны туралы өтірік деректер енгізіп, мемлекеттен заңсыз субсидия алып отырған. Келтірілген шығын — 50 миллион теңге. Оған қоса, «қағаз жүзіндегі» 57 асыл тұқымды бұқа үшін бюджеттен тағы 9 миллион теңге аударылған. Кейін осы деректерге негізінде іс жүзінде жүргізілмеген селекциялық жұмысқа тағы 17 млн теңге бөлінген. Бүгінде аталған іске қатысты тергеу жүріп жатыр.