Жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция органдары прокуратураның үйлестіруімен ел аумағында бірқатар арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде 24 қылмыстық топтың заңсыз жолы кесілді. Ұстау шаралары барысында бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау және өзге де ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 169 адам қолға түсті. Олардың арасында қылмыстық топ жетекшілері де бар. Қылмыстық топтар, әсіресе, шекара маңында, өнеркәсіп және қоршаған ортаны қорғау салаларында заңсыз кіріс көздерін ұйымдастырған. Арнайы органдар бұл қылмыстық схемалардың тамырына балта шапты. Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.