Түркістан
EN

Қазығұртта тұрғындарды гипноздап, тонаған екі әйел ұсталды

258
14.05.2022

Гипноз жасап алтын бұйымдар мен қомақты ақша ұрлаған.  Тұрғындардың шағымынан соң полицейлер екі өзбекстандық әйелді ұстады. Оқиға Түркістан облысы Қазығұрт ауданында болған. Жәбірленушінің айтуынша, үйіне басқа ұлттан екі әйел келіп, "Сіздің шаңырағыңызда жаман көз бар. Біз оны тазартуға көмектесеміз" деп алдаған. Баспанасына кіріп, рәсімдер өткізген олар, 100 мың теңгеден астам алтын бұйымдарды қолды еткен. Оны байқаған үй иесі бірден 102-ге хабар берген. Шет елдік әккі ұрыларды белгілері бойынша ауданды шарлап, іздестіру жұмыстарына кіріседі. Тексеру барысында бірігіп қылмысқа барған бес әйелді тәртіп сақшылары ұстаған. Аталған факті қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.