Түркістан
EN

Жаңа жүйе мүмкіндікті арттыруға жол ашады

19
04.09.2026

Түркістан облысы бойынша 801 елді мекенге ауыз су тасымалдау қызметі көрсетіледі. Оның 638-і қала мен аудан әкімдіктеріне қарасты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың бақылауында. Алайда, халыққа ұсынылатын қызмет сапасын арттыру үшін саланы түбегейлі реформалау қажет болып отыр. Осыған байланысты облыстағы барлық су беруші кәсіпорындарды бір жүйеге біріктіру ұсынылды. Жаңа басқару модулі саладағы жұмыстарды орталықтандырып, мекемелердің техникалық әрі қаржылық мүмкіндігін арттыруға жол ашпақ. Жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров басты басымдық — тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту екенін баса айтты. Өңір басшысы апатты жағдайлардың алдын алу, тозған инфрақұрылымды жаңарту және су кәсіпорындарының тиімділігін арттыру бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.